Баспана xалыққа барынша қолжетімді болады - Құрылысшылар одағы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, алдағы уақытта еліміздегі жылжымайтын мүліктің бағасы түспейді. Алайда құрылыс компаниялары xалықтың сұранысына қарай шағын пәтерлерді көптеп салады. Соның арқасында арзан бағаға баспана сатып алуға мүмкіндік туады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шыны керек, бүгінде xалықтың баспанаға деген сұранысы әлі де жоғары болып тұр. Бірақ осы салада анық бір өзгеріс байқалады. 40 шаршы метрден артық пәтерлерге деген сұраныс төмендеп келеді. Қазір адамдар 4-5 млн теңге шамасында тұратын баспананы көптеп іздейді. Себебі оған ақшалары жетіп тұр. Ал ондай пәтерлердің ауданы 24-28 шаршы метр. Халық тарапынан осындай баспанаға сұраныс жоғары. Енді, құрылыс нарығы соған қарай бейімделетін болады», - деді Т.Ерғалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Ұйым басшысының айтуынша, қазіргі кезде xалық бірден үлкен пәтерді сатып алған қиынға түсетінін әбден түсінді. Сол себепті шағын баспананы алып жатыр. «Адамның әл-ауқаты өскен сайын сол шағын пәтерді сатып жіберіп, үстіне ақша қосып, одан да үлкен үйді алуға болады. Халық осыны түсіне бастады. Жалпы, жылжымайтын мүлік нарығында баға түседі дегенге көп сене беруге болмайды. Үйдің бағасы тек жаңағы жолмен, яғни баспананың ауданын азайту арқылы ғана арзандатуға мүмкіндік бар», - деп атап көрсеті Талғат Файзоллаұлы.

Соңғы жаңалықтар