Баспана тақырыбы бойынша жаңалықтар
Қазақстанда қай ипотека бағдарламасы тиімді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда ипотека арқылы үй сатып алып жатқандар саны артып келеді. Мәселен, соңғы дерек бойынша, азаматтардың тұрғын үй салуға және сатып алуға алған несиелерінің көлемі бір жылда бірден 46,3%-ға, 4,16 трлн теңгеге дейін артқан. Бұл экономикаға берілген несие портфелінің 20,4%-ын құрап отыр. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 17,8%, ал бес жыл бұрын бар болғаны 8,8% болған еді.