Баспана нарығында мәміле жасасу біршама жанданды – сарапшы пікірі
«Мәмілелер санының мұндай артуы олардың қаңтар, ақпан, наурыз айы бойы төмендеу аясында орын алып отыр. Бұл әсердің болары айқын әрі түсінікті де. Көпшілігі депозиттерге ақшалай өтемақының түсуін күту кезеңінде мәміле жасауды кейінге қалдырып, сұранысты кейінге қалдырды», - деді ол агенттік тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.
Оның дерегінше, жаңадан салынып жатқан үйлердегі де, қайталама нарықтағы да пәтерге сұраныс сақталып отыр.
«Дегенмен, мәміле санының төмендеуі аясында жалпы шым-шытырық жайт бар. Өйткені, сатып алушылар сатушының өз нысанын саудалауға қойған шарттарымен алуға дайын емес. Жарияланған хабарландырудағы бағада да үлкен айырмашылық бар. Алайда, мұнда тұрған тосын ештеңе де жоқ. Енді бірнеше айдан кейін бәрін өз орнына келеді. Ай сайынғы мәмілелер саны 30 мыңның ар жақ, бер жағында болады», - деді Нина Лукьяненко.