Баспана кезегінің бірыңғай республикалық базасы қалай жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспана кезегінің бірыңғай республикалық базасы туралы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баспана алу мен жүйелі бірыңғай есеп үшін кезекке тұрушылардың бірыңғай республикалық базасы жасақталуда. Оның аясында кезекке тұрушылардың мәртебесі мен табысы анықталып, инвентаризация жүреді. Сондай-ақ, олардың меншігінде жеке баспананың болуы, жалдамалы баспанаға мұқтаждығы тексеріледі», - деді ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов министрлік алқасының отырысында.

Оның айтуынша, 2018 жылы бұл базадағы инвентаризация арқылы 30 мың адам есептен шығарылған.

«Қазір әкімдіктермен бірлесіп, базаны мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен сәйкестендіру жұмыстары жалғастырып жатырмыз», - деді М. Жайымбетов.

Бұған дейін комитет басшысы әкімдіктерде әлеуметтік баспана алу кезегінің 3,5 есеге артқанын хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар