+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Баспана кезегіндегілердің тұрғын үй жалдау шығыны қалай субсидияланады

2021 жылғы 14 сәуір 11:45
Бөлісіңіз:
Баспана кезегіндегілердің тұрғын үй жалдау шығыны қалай субсидияланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Баспана кезегінде тұрған отбасылардың тұрғын үй жалдау шығынына төленетін субсидияның мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік Павлодар облысындағы үйдің неліктен құлағанын түсіндірді Биыл Ақмола облысында 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі Мемқызметші үшін жалдамалы пәтер бағдарламасын кеңейту қажет - Дәуешов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде баспана кезегінде тұрғандардың тұрғын үй жалдау шығындарын субсидиялау қалай жүзеге асатынын түсіндірді.

«Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға өсіп, бүгінде 559 мың адамды құрайды. Отбасы мүшелеріне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен табысы бар кезекте тұрғандар тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Негізінен бұларға көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары жатады», - дейді вице-министр.

Ол, сондай-ақ, кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігі жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыру арқылы іске асатынын айтты. Соның негізінде жалға алушылармен шарттар жасалады. Бұл істің бәрін Бірыңғай оператор жүзеге асыратын болады.

«Жеке құрылыс салушылармен бірлесіп бастапқы нарықта жылжымайтын мүліктің әлеуметтік қорлары құрылатын болады. Мысалы, 10 мың пәтерлік тұрғын үй үшін жылына 5,3 млрд. теңге мөлшерінде субсидия талап етіледі. Тұрғын үй пулдарын қалыптастырғаннан кейін осы қорлардың жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген акциялары кепілдендірілген кірістілігі бар нарыққа ұсынылатын болады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін - 31, өзге өңірлерде 21 және ауылдық жерде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан жалға алуды субсидиялау жоспарлануда», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын пәтер саны көбейетін болды.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарында 1,6 миллионнан астам қазақстандық жаңа баспанаға ие болған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT