Баспана кезегінде тұрған елордалықтар қайта құжат тапсыруы тиіс

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» КММ сайтында баспана кезегіндегі құжаттарын жаңартуы тиіс адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тізімде баспана кезегінде тұрған адамдардың мәліметтері, санат және кезекке қойылған күн туралы деректер көрсетілген. Құжаттарды жаңарту 2022 жылғы 14 желтоқсанға дейін жүргізілуі тиіс.

Осы тізімде жазылған адамдар Республика даңғылы 32-де (307 кабинет) орналасқан Тұрғын үй орталығына мына құжаттармен келуі тиіс:

- жеке куәлік (отбасы мүшелерінің құжаттарымен бірге);

- балалардың туу туралы куәлігі;

- баланың мүгедектігі туралы анықтама ;

- неке қию/некені бұзу / жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік / ф-4 анықтама;

- отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ екені туралы анықтама.

Атап айтқанда, құжаттарды бұл тізімде белгіленген тұрғындар ғана жаңартуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар