+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

2021 жылғы 16 шілде 14:28
Бөлісіңіз:
Баспана кезегінде тұрған 500 мың адам бір ресурсқа біріктіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ әдіснама департаментінің директоры Марғұлан Әбдікәрімов Тұрғын үй саясаты туралы жаңа заңның баспана кезегін қалай реттейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңнамаға тұрғын үй саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін заң жобасы дайындалған болатын. Регламент бойынша құжат қоғамдық тыңдаудан өтіп, ашық деректердің порталына жарияланды. Қазір құжат мемлекеттік органдардың мақұлдауында жатыр. Бірден айтқым келеді, бұл заң жергілікті атқарушы органдардағы баспана кезегін реттеуге бағытталған. Заңның негізгі тетігі сол десе де болады. Құжат «Отбасы банктің» құрылуымен тығыз байланысты. Қазақстандағы баспана кезегінің бәрі осы «Отбасы банкке» шоғырландырылады. Бұл - 500 мыңнан астам кезекте тұрған адам деген сөз. Әр өңірде көрсеткіш әртүрлі. Сәйкесінше, кезектегілердің баспана алу ісіне жаңа тетіктерді енгізу тұрғын үй қатынасы туралы заңмен реттеледі», - деді департамент директоры.

Сондай-ақ, ол аталған құжаттың қашан Үкіметке ұсынылатынын атады.

«Заңның басты мақсаты – халықты баспанамен қамтудың жаңа тәсіл механизмін пысықтау. Қазір заң мемлекеттік органдардың ақырғы мақұлдауында жатыр. Шілде айының соңына дейін мақұлдаудан өтеді деп отырмыз. Әрі қарай регламент бойынша Үкіметке енгізіледі», - деп түйіндеді Марғұлан Әбдікәрімов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT