Баспана кезегінде базаға қайта енгізуге жол берілмейді – Қайырбек Өскенбаев
2021 жылғы 14 сәуір 11:31

Баспана кезегінде базаға қайта енгізуге жол берілмейді – Қайырбек Өскенбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев баспана кезегін реттеу ісінде ашықтық қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банкі» болып қайта құрылды және оның базасында «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жасақталды. Осы орталық, тұрғын үйге мұқтаждардың есебін жүргізуді, сондай-ақ тұрғын үйді бөлуді тұрғын үйдің қолжетімділік сатысына сәйкес, тізімге енгізілген күні бойынша кезекте тұрғандар арасында бір орталықтан жүзеге асыратын болады», - деді министрдің бірінші орынбасары.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларын бір ортаға тоғыстыру арқылы «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің жолын кесетін болады.

«Базаға қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады», - деді Қайырбек Өскенбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынатын пәтер саны көбейетін болды.

Оның айтуынша, тәуелсіздік жылдарында 1,6 миллионнан астам қазақстандық жаңа баспанаға ие болған.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT