Баспана кезегі: Бастапқы жарна 10 пайызға дейін төмендетілуі мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әкімдікте кезекте тұрған азаматтар үшін бастапқы жарна несие сомасынан 10 пайызға дейін төмендетілмек. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымшылардың саны 1,4 млн адам болды немесе 440,3 млрд теңге қаражат жинаған 460 мың отбасына жетті. Шамамен, 160 мың салымшы әкімдікте кезекте тұрған адамдар», - деді министр Б. Атамқұлов Парламент Мәжілісінде «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған Үкімет сағатында.

Сонымен қатар, ведомство басшысы жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандардың бастапқы жарнасын төмендету мәселесі пысықталып жатқанын жеткізді.

«Тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында әкімдікте кезекте тұрған азаматтар үшін бастапқы жарнаны кредит сомасынан 10 пайызға дейін төмендету қарастырылуда», - деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар