+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Баспана бойынша әлеуметтік бағдарламалар маңғыстаулықтардың қызығушылығын туғызды

2021 жылғы 26 қазан 11:54
Бөлісіңіз:
Баспана бойынша әлеуметтік бағдарламалар маңғыстаулықтардың қызығушылығын туғызды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Баспана алу бойынша әлеуметтік бағдарламалар Маңғыстау облысындағы ауыл тұрғындарының үлкен қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада 8 жыл күткен «Жеті жол» тұрғын үй кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттағанын түсіндірді

Аймақты әлеуметтік дамыту бойынша агенттік осындай байламға келіп отыр. Бүгінгі таңда ұйым «Демеу» жобасы шеңберінде 250-ге тарта кеңес берген.

Маңғыстау облысының аймақты әлеуметтік дамыту бойынша агенттігінің дәрігер-терапевтері, заңгерлері мен психологтары Тұщықұдық және Ақшымырау ауылдарының 240 тұрғынына консультация ұйымдастырды.

Атап айтқанда, дәрігерлер сақтандыру, алғашқы медициналық көмек, науқастарға квота және вакцинация туралы кеңес берді. Заңгерлер бала құқықтары, сондай-ақ несиелеудің қыр-сыры, мүгедек адамдарды оңалту бойынша мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып берді. Ал психологтар қызмет алушыларға әлеуметтік желілердің балаларға әсері және жалпы олардың тәрбиесі туралы сөз қозғады.

Бұл ретте әсірісе тұрғын үйлерді несиелеу бойынша мемлекеттік бағдарламалардың шарттарын түсіндірген «Отбасы банк» консультанттарының ақпаратына қызығушылар көп болды. Ауыл тұрғындарына депозитті ашу және депозит бойынша мемлекеттік сыйақылар алу ережелері түсіндірілді.

Тұрғындарды сонымен қатар Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру бойынша мәселелер қызықтырды.

Еске сала кетейік, қазан айының басында басталған «Демеу» әлеуметтік жобасы денсаулық сақтау, құқықтық және психологиялық көмек саласында халықты қолдауға бағытталған. Оны іске асыру барысында психологтардан, терапевт-дәрігерлерден және заңгерлерден тұратын 60 бастамашыл топ ауыл тұрғындарын мемлекеттік бағдарламалар туралы хабардар етеді. Грант шарттарына сәйкес, әрбір бастамашыл топ үш және одан да көп ауылда 300 консультация өткізуі тиіс. Жобаны қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырады.

Тапсырыс беруші – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT