Баспагерге ескерткіш тақта орнатылды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында Достық даңғылы бойында көп жыл баспахана саласында еңбек еткен Марат Мұхитденов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1952 жылы дүниеге келген Марат Мұхитденов өткен жылы өмірден өткен болатын. Комсомол, партия органдарында лауазымды қызметтер атқарған ол 1992 жылы облыстық баспаханаға директорлық қызметке тағайындалған еді. Өмірінің соңына дейін «Дастан» баспа-полиграфия корпорациясына басшылық еткен ол қоғамдық өмірге белсене араласып, облыстық мәслихаттың депутаты да болды.

Өңірде үстел теннисінің қаз басуына ерекше еңбек сіңірді. Биылғы турнир М.Мұхитденовті еске алуға арналды.

Соңғы жаңалықтар