Баскетболшыларымыз Азия ойындарын сәтсіз бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы іріктеу сынын сәтсіз бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін 5x5 баскетболдан Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарының іріктеу айналымындағы алғашқы матчын Қытайлық Тайпейге қарсы өткізді.

Өкінішке қарай, қазақстандық команда тайпейліктерге 42:72 есебімен жол берді.

Қытайлық Тайпей бірінші кезеңде 16:6, екінші кезеңде 20:12, үшінші кезеңде 19:11, төртінші кезеңде 17:13 есебімен басым түсті.

Қазақстан командасы Индонезия, Оңтүстік және Солтүстік Корея және Тайпеймен бірге «А» тобында өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар