Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) баскетболдан әлем чемпионатының Азия аймағы іріктеу турнирінің жаңартылған қуаттылық рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа рейтингіге сәйкес, баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға жайғасты. Ал Иордания мен Австралия алдыңғы үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Азия аймағындағы іріктеу турнирінің алғашқы екі кезеңінде 4 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 8 ұпаймен D тобында көш бастады.

Қуаттылық рейтингісі команданың іріктеу турниріндегі нәтижелеріне сәйкес түзіледі.

Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу турнирінің үшінші кезеңінде Иран және Бахрейн құрамаларымен күш сынасады.


Соңғы жаңалықтар