Баскетболдан Қазақстан чемпионатында ақмолалық қыздар үздік нәтиже көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Баскетболдан Қазақстан чемпионатында ақмолалық қыздар екінші және үшінші орын алды. Екі баскетболшы қыз үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Шымкент қаласында баскетболдан 3×3 тәртібі бойынша ҚР ашық чемпионаты аяқталды. Турнирге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикаларынан жиналған 98 команда қатысып, бақ сынады. Ақмола облысының намысын үш команда қорғады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі қыздар арасында Нұр-Сұлтан командасына есе жіберген ақмолалық баскетболшы қыздар екінші орын алса, 14 жасқа дейінгілер арасында Ақмола облысының командасы елорадалықтар мен шымкенттіктерге есе жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.

Жаттықтырушы Виктория Волкованың айтуынша, 12 жасқа дейінгілер санатында ұлдар мен қыздар бірге ойнайды. Ақмолалықтар бүкіл қыздар командасы мен екі ұлдар командасын жеңді. Тек Қазақстан Республикасының чемпионы Алматы қаласының командасына ғана жол берді.

«Біздің қыздар жартылай финалға дейін жетіп, тартысты ойын өрнегін көрсеткен қыздардың жалғыз командасы. Чемпионат қорытындысы бойынша алғашқы үш орынды алған ұлдар командасы, сондықтан біздің қыздар командасы қыздар арасында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есеп бойынша төртінші орынға тұрақтады», - дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ведомстводан атап өткендей, 2008 жылғылардың арасында Регина Савченко, ал 18 жасқа дейінгілер арасында Кәмила Аманжолова үздік ойыншы атанды.



Соңғы жаңалықтар