БАСКЕТБОЛ: Қыздар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар Сингапур спортшыларынан ұтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан қыздар арасындағы U-16 Азия чемпионатында Александр Гусевтің қарамағындағы спортшылар Сингапур командасынан ұтылып қалды.

Біздің қарсыластарымыз ойын басталған сәттен басымдық танытып, жарыстың соңына дейін қарқындарын бәсеңдеткен жоқ. Қорытынды есеп: Сингапур пайдасына 76:63 (21:13, 17:18, 16:10, 22:22).

Ертең біздің қыздарымыз Гонконг командасымен ойнайды, деп жазады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар