Баскетбол: Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан Қазақстан қыздар құрамасы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ширек финалда Иран құрамасымен кездескен қазақстандықтар 71:56 есебімен жеңіске жетті.

Иран құрамасы өз тобында екінші орын иеленіп, кездесудің фавориті саналған болатын. Алайда, топтық кезеңдегі сәтсіздіктен соң ес жиған Қазақстан командасы қарсыластарынан айласын асырып кетті.

Бүгін Қазақстан құрамасы финал жолдамасын сарапқа салу үшін Сириямен кездеседі.

Айта кетейік, топтық кездесуде Қазақстан Сирияға 40:56 есебімен жол берген еді. Енді біздің команданың есе қайтаратын тамаша мүмкіндігі туды.

Жартылай финалдағы келесі жұп - Гонконг пен Үндістан құрамалары.

Фото: www.olympic.kz

Соңғы жаңалықтар