Баскетбол: Еуролига ойынында төрешілік еткен бригадаға шабуыл жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Афиныда Еуролиганың гректің Панатинаикос« командасы мен испандық «Барселона« арасындағы матчта төрешілік еткен бригадаға ойын біткен сәтте шабуыл жасалған. Бұл туралы Sport24.gr порталы хабарлады.

Төрешілерге ойыннан соң таксиге отырып, қонақүйге оралған кезінде шабуыл жасалған. Мотоциклге мінген белгісіз біреулер машинаның терезесін сындырған. Салдарынан 54 жастағы Луиджи Ламоника жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Ал кездесу болса испандық команданың жеңісімен, 92:81 есебімен аяқталды.

Ламоника Еуропада баскетболындағы танымал төрешілердің бірі болып есептеледі.

Ол бес дүркін Еуропа чемпионаты финалында, сондай-ақ 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадалық ойындарда төрешілік еткен.


Соңғы жаңалықтар