Баскетбол: «Астана» құрамына америкалық спортшы қосылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – «Астана» президенттік баскетбол клубы америкалық спортшы Малкольм Хиллмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Малколм Хилл 1995 жылы 26 қазанда Сент-Луисте (АҚШ, Миссури штаты) дүниеге келген. Ол өзінің спорттық мансабын 2013 жылы Иллинойской университетінің Urbana-Champaign командасында бастаған. Аталмыш ұжым ұлттық студенттік спорт қауымдастығының 1-ші баскетбол дивизионына қатысқан.

«Колледжді бітіргеннен кейін Малкольм ХБА жарыстарында өнер көрсетті. Алайда, ол бірнеше уақыт еркін агент ретінде бос жүрді. Кейін «Оклахома-Сити Тандер» командасымен келісімшартқа қол қойды. Хилл «Telekom Baskets» командасында да ойнады», - деп мәлімет таратты клубтың баспасөз қызметі.

Хилл орта есеппен бір ойында 13 ұпайға ие болады. Қорғаныстағы көрсеткіші – 5 ұпай.

Соңғы жаңалықтар