Баскетбол: «Астана» ЦСКА-дан тағы да жеңілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші ширек финалда да астаналық баскетбол клубының спортшыларына жеңіс бұйырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ВТБ  Бірыңғай лигасының екінші матчында «Астана» 94:74 есебімен ЦСКА командасынан екінші рет сүрінді.

Еске сала кетсек, алғашқы ойын да 77:54 есебімен «әскерилердің» айқын басымдығымен аяқталған еді.

Енді ширек финалдық  ойындар үшінші жеңіске дейін Қазақстан астанасына көшеді.

 «Астана»  мен  ЦСКА-ның келесі матчы 10 мамыр күні өтеді. 

Соңғы жаңалықтар