Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды
2022 жылғы 17 тамыз 11:17

Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жаңа төрағасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Әкімшілігінің басшысы Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұжымына жаңа төрағаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігінің басшысы агенттіктің бұрынғы төрағасы Серік Жұманғаринге табысты қызметі үшін алғыс білдіріп, оның жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті.

Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымына жаңа басшыны таныстыра отырып, Марат Омаровтың әртүрлі жауапты лауазымдарда мол тәжірибе жинағанын атап өтті.

Мұрат Нұртілеу қазіргі уақытта ведомство қызметінің алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған маңызды міндеттер тұрғанына баса мән берді. Атап айтқанда, агенттік әділ бәсекені дамыту және қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, экономиканы демонополизациялауға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке араласуын шектеу жұмысына бар күш-жігерін жұмылдыруы тиіс.

Президент Әкімшілігінің басшысы агенттік ұжымына табыс тіледі.

Еске салсақ, бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Талғатұлы Омаров Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.


Фото: akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT