+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Басқарма елордада жұмбақ жағдайда көз жұмған қызға қатысты түсінік берді

2020 жылғы 20 қаңтар 10:25
Бөлісіңіз:
Басқарма елордада жұмбақ жағдайда көз жұмған қызға қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық денсаулық сақтау басқармасы 9 жасар қыздың жұмбақ өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел жәрдем бригадасы келгенше, қыз бала өз үйінде қайтыс болды. Олар емханадан дәрігер шақырмаған. Отбасында төрт бала болған және кіші бауырлары да жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырған. Оларға дәрігер шақырғанда ата-анасы тұңғыш қызын да тексеруді сұраған. Онда қыздың жағдайы қалыпты болған, дәрігерді күтіп алып, пәтерді көрсеткен. Бірақ, онда ЖРВИ алғашқы кезеңі болуы мүмкін, оған еш антибиотик тағайындалмаған. Өлімнің нақты себебі белгісіз, оны сот-медициналық сараптама анықтайды», - деп жауап берді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Басқарманың хабарлауынша, дәрігерлер 13 қаңтарда жасөспірімнің үйінде болған. Ал қыз бала 14 қаңтар күні көз жұмған.

Бұған дейін елордалық полиция департаменті 8 жасар қыз баланың өз үйінде қайтыс болғанын хабарлаған еді. Қазіргі уақытта тергеу мен сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT