+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Басқарма басшысы 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды

2018 жылғы 8 тамыз 16:42
Бөлісіңіз:
Басқарма басшысы 50 мың доллар аламын деп 2 млн теңгемен ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысында жер үшін пара алған шенеунікті ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жаxиннің айтуынша, күдікті - жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау бойынша облыстық басқарманың басшысы.

«Ол шаруа қожалығына тиесілі 25 гектар жерді мемлекет пайдасына қайтармағаны үшін 50 мың доллар талап еткен. Соның 2 млн теңге көлеміндегі парасын алды деген күдік бар. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, тура сондай қылмыс Ақмола облысында анықталды. Бірақ басқарма басшысы өз қылмысын іске асырып үлгерді. Екі жыл бұрын ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланып, төрт жер телімін мемлекетке қайтармай, жеке пайдалануға берген. Соның салдарынан бюджетке 2 млн теңге көлемінде шығын келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT