Басқарма Алматыда коронавирустан емделіп шыққан 3 адам туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы COVID-2019 жазылып шыққан үш адам туралы айтты, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілішісі.

«Бүгін тағы үш пациент жазылып шықты, оның ішінде 1993 және 1985 жылы туған екі әйел және 25 жастағы жас жігіт. Бірінші әйел 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен, екіншісі 23 наурызда Ыстанбұл - Мәскеу рейсімен және үшінші адам 26 наурызда Ыстанбұл – Мәскеу рейсімен ұшып келген.Сонымен сауығып шыққандардың саны 26-ға жетті»,– делінген Басқарма хабарламасында.

Бүгінгі күні стационарлық карантинде 877 науқас, үй карантинде 5 217 адам бар. Жұқпалы аурулар ауруханада 211 адам, провизорда 301 адам, карантин госпиталінде 388 адам жатыр.


Соңғы жаңалықтар