Басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы Президент сайлауына дауыс беретін жастардың қатары көп - байқаушы пікірі

None
None
АНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Басқа елдерге қарағанда Қазақстандағы Президент сайлауына дауыс беретін жастардың қатары мол.

Бұл туралы бүгін Астанадағы №197-ші сайлау учаскесінде ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясы тобының үйлестірушісі Александр Торшин айтты.

«Бүгін мен болған сайлау учаскелерінің барлығы уақтылы әрі салтанатты түрде ашылды. Дауыс беруге алғаш болып егде жастағы адамдар келді. Атап өтерлігі, басқа мемлекеттерге қарағанда, Қазақстандағы осы сайлауға алғашқылардың қатарында жастар көптеп қатысуда. Сондай-ақ тағы бір ерекшелігі, Қазақстанда дауыс беру шарасы таңертең ерте басталады. Қазір байқайтын болсақ, сағат таңғы 7:00 болса да сайлау учаскесінде көп адам жиналған»,-деді байқаушы.

Оның сөзіне қарағанда, ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясы өкілдері Қазақстандағы Президент және Парламент сайлауына дәстүрлі түрде байқаушы ретінде қатысып жүр.

«Қазақстан билігі әрдайым байқаушылардың жұмысына жағдай жасап отырады. Атап айтқанда, Қазақстанда байқаушылар жұмысына кедергі болатындай ешқандай да әрекеттер байқалған емес. Әр сайлау учаскесінде ашықтық қамтамасыз етілген, сондай-ақ оларда шетелдік байқаушылардың саны бұрынғыға қарағанда биыл көбірек»,-деді Александр Торшин.

Соңғы жаңалықтар