Башқұртстанда қылмыстық өмірді насихаттайтын сайттардың жұмысына тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Bashinform - ҚазАқпарат – Башқұртстанның Дюртюлин ауданаралық сотына прокурор талап-арыз түсірді. Қадағалау органының өкілі онда мемлекет пен қоғамның және белгісіз адамдар тобының Ресей аумағында ақпараттың таратылуына тыйым салу туралы мүддесін қорғайды.

Башқұртстанның bashinform.ru сайтының соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, интернетке мониторинг жүргізу барысында жастарды қоғамға қарсы әрекеттер мен қылмысқа итермелейтін сайттар анықталған. Аталмыш сайттар сонымен қатар жастар арасында ұрылардың заңдары мен бұзақылардың өмір-салтын насихаттайтыны, қылмыстық әрекеттерді шытырман, қызыққа толы өмір ретінде көрсетіп, қоғамда қарым-қатынастардың кім күшті әділдік соның жағында деген түсінікті қалыптастыруға ықпал ететіні айтылған.

Бұл сайттар бәріне бірдей қолжетімді, ашық, оған кіру үшін алдын ала тіркеліп, құпия сөзді енгізудің де қажеті жоқ. Кез келген интернет қолданушы сайттағы ақпараттармен танысып, ондағы материалдарды электронды түрде көшіріп ала алады. Сайттағы материалдарды көшіру мен таратуға ешқандай кедергі жоқ.

Тексеру барысында аталған ақпараттар орналастырылған сайттар бірыңғай реестірде жоқ болып шықты.

Сот мұндай ақпараттардың Ресей аймағында таратылуына тыйым салынғанын ескерте отырып, прокурордың талабын қанағаттандырды. Желідегі сайттардың атаулары Роскомнадзор мекемесінің реестріне енгізілді.


Соңғы жаңалықтар