Башқұртстан республикасы 100 жылдығын тойлап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Башқұртстан республикасы 100 жылдығын тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Башинформға сілтеме жасап.

1919 жылы 100 жыл бұрын Ресейдің жұмысшы-шаруа үкіметі мен Башқұрт үкіметі арасында Башқұртстан кеңес автономиясын құру туралы келісім жасалды. Осы атаулы күнге байланысты Башқұртстанда биыл мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

«Башқұртстанға 100 жыл - 100 жаңа нысан» ауқымды республикалық бағдарлама жүзеге асып жатыр. Мерекеге орай өңірде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт мекемелері, әлеуметтік, жол, инженерлік инфрақұрылым нысандары салынып жатыр.

23 наурызда Уфада «Башқұртстан» мемлекеттік концерт залында басты мерейтойлық шара - «100 ұлы жыл» мерекелік концерт өтті.

Ресей Үкіметінің төрағасы республиканың 100 жылдығымен Башқұртстан тұрғындары мен өңір басшысы Радия Хабированы құттықтады.

https://www.bashinform.ru/news/1288502-bashkortostan-vstrechaet-100-letie-obrazovaniya-respubliki-/

Соңғы жаңалықтар