Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын күнделікті бақылауына алды
2022 жылғы 7 қаңтар 17:18

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын күнделікті бақылауына алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағында террорлық қауіптің шекті «қызыл» деңгейі енгізілуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы күнделікті бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Террорлық қауіптің шекті «қызыл» деңгейі және төтенше жағдай режимі орнауына байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сауда орталықтарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары (ӘМАТ) бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін ӘМАТ-тың барша позициясы бойынша бағаны күнделікті бақылауға алды. 7 қаңтардағы жағдай бойынша ӘМАТ бағасының өсімі байқалмайды.

ӘМАТ бағасының негізсіз көтеру фактілерінің жедел алдын алу және жол бермеу мақсатымен агенттік өтініш-шағым қабылдайтын шұғыл желіні іске қосты. Егер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасын негізсіз көтерген фактілерді байқасаңыз, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша (87172) 74-96-64, 74-34-01, 74-31-26, 74-90-52 телефондарына хабарласуды сұраймыз. Қоңырау қабылдау Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9.00. - 18.30 аралығында іске асады. Ұялы телефон: 8705 2312423, 8776 4588885, 8708 8830262, 8701 3696128 (қоңырау қабылдау Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22.00 дейін)», - делінген агентіктің мәліметінде.

Ведомство күрделі кезеңде бағаны заңсыз өсіруге бағытталған кез келген әрекет айыппұл жүктетйінін ескертіп отыр.

«Агенттік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және өткізетін нарық субъектілері бағаны негізсіз көтеру не ұстап тұру үшін картельдік келісімге келіп, өндірісті негізсіз тоқтатса, монополиялық жағдайын пайдаланып негізсіз тауар тапшылығын туындатса, ҚР әкімшілік құқық бұзу туралы кродекстің 159 бабы бойынша монополиялық әрекетінен түскен табысынан кіші және орта бизнес кәсіпкерлері 3% айыппұл, ірі бизнес өкілдері 5% айыппұл арқалайтынын хабарлайды», -деп жазылған ведомствоның ақпаратында.


Jańalyqtar

MURAǴAT