Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Кедергілер жою туралы кеңестері Үкімет деңгейінде қаралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңестерінде көтерілетін негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытудың өзекті мәселелері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырыстарында қаралады.

Ведомоствоның мәліметінше, м ұндай шешім Кеңестер жұмысының тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын шараларды үйлестіру мақсатында қабылданды. Бірлескен отырыстарды айына кемінде бір рет өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Мемлекеттік комиссияда Кедергілер картасына енгізілген мәселелердің орындалуы туралы есептер қаралып, күрделі мәселелер бойынша шешімдер қабылданатын болады. Бірінші болып кезекті Мемлекеттік комиссияның қарауына агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік субсидиялау кезінде бәсекелестікті шектеуге қатысты Кедергілер картасының мәселелері және оларды жою жөніндегі ұсыныстар шығарылатын болады.

БҚДА Кеңестері Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде краудсорсинг қағидаттары негізінде құрылды. Кеңестер еліміздің 17 өңірінде, республикалық кеңес Нұр-Сұлтан қаласында құрылды, олардың әрқайсысы бизнес, экономика, өндіріс және негізгі салалардың түрлі салаларында жұмыс істейтін 12 сарапшыдан тұрады, барлығы 216 адам.

Кеңестердің отырыстарына бәсекелестікті дамытудың негізгі тежеуші факторлары және тауар нарықтарына кірудің реттеуші тосқауылдары талқылауға шығарылады. Өңірлік кеңестердің отырыстарында анықталған кедергілер БҚДА-ға жұмыс үшін беріледі.

Қазіргі кезде Кеңестер отырыстарының қорытындылары бойынша тауар нарықтарына кіру кедергілерін жою бойынша 58 ұсыныс қалыптастырылды, олар нақты мерзімдері бар және жауапты орындаушылары бар Кедергілер картасына енгізілді.


Соңғы жаңалықтар