Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылыс компанияларын үй бағасын арзандатуға міндеттеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылыс компанияларын жаңадан салынатын үйлердің бағасын арзандатуға міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, назарға ілінген компаниялар бұл шешімді орындауға кірісіп кеткен.

Ресми мәлімет бойынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау кезінде бірқатар компанияның әрекетінен тұрғын үй бағаларын келісіп белгілеу және ұстап тұру белгілерін байдаған.

«Осы компаниялардың атына бастапқы деңгейлі тұрғын үй бағасын төмендету арқылы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілді. Қазіргі уақытта «РАМС-Қазақстан» компаниялар тобы монополияға қарсы органның талаптарын орындап, Алматыда бірқатар тұрғын үй кешендерінің бағасын шаршы метріне 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін төмендететіндерін мәлімдеді», - делінген ресми ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар