Бәсекелестікті қорғау агенттігі бензин бағасына қатысты 14 ескерту жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин жанар-жағармай нарығындағы жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда АИ-92 маркалы бензинді сату нарығында тұрақтылық байқалып отыр. Ірі желілердің сату бағасы литріне 175 теңгеден аспайды.

Агенттік өңірлік бензин сатушыларға және «Petro retail», «Синоил» және «Гелиос» секілді үш ірі желіге 14 хабарлама жолдады. Барлық нұсқаулар орындалды. Жалпы, республикада бензин бағасының төмендеуі орта есеппен 3 пайызды құрады», - деді С. Жұманғарин Үкімет отырысында.

Дизель отынына тоқталған агенттік басшысы, қазіргі кезде ірі желілердің сату бағасы литріне 200 теңгеден аспайтынын жеткізді. Агенттік өңірлік дизель отынын бөлшек саудада өткізушілерге 19 ескерту және 4 ірі желіге нұсқау жасады. Осы орайда «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС, «Petro retail» ЖШС, «Синоил» ЖШС және «Гелиос» ЖШС-ға жіберілді. Барлық нұсқаулар орындалды.

Сонымен қатар, биылғы 1 шілдеден бастап дизель отынына акциз тоннасына 540-тан 9 300 теңгеге дейін өскенін атап өткен жөн, бұл бағаға орта есеппен литріне 8 теңгеге дейін әсерін тигізеді.


Соңғы жаңалықтар