Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Бәсекелестікті дамыту туралы заңда қандай бастамалар көтерілген

2022 жылғы 25 ақпан 12:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша заң аясында қандай жаңалықтар енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде Бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша заңның, яғни 5-ші монополияға қарсы пакеттің қабылдануы маңызды оқиға болды. Оның өзекті жаңалықтарын бірнеше бөлімге бөліп айтуға болады. Біріншіден, «негізгі қуат доктринасын» енгізу. Негізгі қуат деп үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісінің тауар немесе инфрақұрылым объектісі айтылады, оған қол жеткізбей нарықтың басқа субъектілері өз қызметін сол немесе сабақтас тауар нарығында жүргізе алмайды. Заңда негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаттары айқындалған», - деді С. Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алқасының отырысында.

Екіншіден, 1 шілдеден бастап «арнайы құқық» институты енгізіледі. Арнайы құқық – бәсекелестік нарықта тауарды өндіруге, өткізуге және сатып алуға заңмен бекітілген нарық субъектісінің айрықша немесе басым құқығы. Бұл заңнамалық тетік монополиялық операторлардың қызметін реттеу үшін енгізілді. Арнайы заң мемлекеттік монополия үшін қарастырылған шектеулерді де қамтиды.

«Үшіншіден, «Effet utile» қағидатын іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде реттеуші нормалардың бәсекелестікке әсерін бағалау бар. Бұл тәжірибені біз Экономикалық ынтамастық және даму ұйымынан алдық. Егер бағалау нәтижелері тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйі нашарлауы мүмкін екенін көрсетсе, әзірлеуші бағаланатын реттеу нормалары сияқты мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін бәсекелестікке қарсы неғұрлым аз баламаны табуға тиіс. Төртіншіден, сенімді тұлға институтын енгізу. Бұл – экономикалық шоғырлануды мақұлдау кезінде нарық субъектісінің монополияға қарсы орган талаптарын орындауына баға беретін тәуелсіз сарапшы», - деді спикер.

Бесіншіден, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қойылатын бәсекелестік қағидаттары мен талаптарын айқындау көзделді. Биылдан бастап мемлекеттік қолдаудың жаңа шаралары, сондай-ақ оларды көрсету қағидалары монополияға қарсы органмен міндетті түрде келісілуі қажет.

Алтыншы, монополияға қарсы комплаенс институтын дамыту бар. Комплаенстің ішкі актісі енді монополияға қарсы органның әдістемелік ұсынымдарына сәйкес әзірленуі тиіс. Компанияда монополияға қарсы комплаенстің тиімді ішкі актісінің болуы енді бәсекелестік заңнаманы бұзу туралы істерді қарау кезінде ескерілетін болады. Сонымен қатар, бұл әкімшілік айыппұл мөлшерін азайту туралы өтініш беру мүмкіндігін береді.

«Жетіншіден, монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша ақпарат беру мерзімін ұзарту мүмкіндігі қаралды. Бұдан басқа, келісу комиссиясы шеңберіндегі тергеп-тексерулерді, барлық процестік әрекеттерді қайта бастау мерзімдері регламенттелген. Сегізінші, монополияға қарсы заңнаманың кейбір бұзушылықтарының анықтамалары қайта қаралды. Ықтимал бәсекелестер арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-әрекеттер енді деңгейлес болады, бұл мемлекеттік сатып алуларда картельдерді дәлелдеуді жеңілдетеді», - деді Серік Жұманғарин.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары