Бәсекелестік агенттігі бірнеше цемент зауытында тексеруді аяқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бірнеше цемент зауытында тексеруді аяқтады. Мәжілісте өткен дөңгелек үстелден кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген агенттік төрағасы Серік Жұманғарин осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз құрылыс материалдары бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір бірнеше тексеру жүріп жатыр. Мысалы, арматура – құрылыстағы маңызды матреиалдың бірі. Осы материалдың бағасы бойынша «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнын тексеріп жатырмыз. Өткен аптада ғана бірнеше цемент зауытында тексеруді аяқтадық. Кірпіш өндірушілермен келісім комиссиясын өткіздім. Қазір бұл нарық бақылауда», - деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, ол баспана бағасы туралы пікір білдірді.

«Халық жинаған ақшасының бәрін баспанаға салады. Сондықтан біз бұл мәселеге мониторинг жүргіземіз. Баға қатты өседі деп ойламаймын. Өйткені бұл халықтың төлем қабілетіне тікелей байланысты», - деді агенттік басшысы.


Соңғы жаңалықтар