«Бәсекеге қабілетті көшбасшылар - Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингі «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының бастау алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарлама Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 62-ші қадамына сәйкес жүзеге асырылады.

Халықаралық озық тәжірибелер есепке алынып әзірленген бағдарламаның мақсаты - бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және технологиялық өңдеуші өнеркәсіптерді құруға көмектесу.

Көмек холдингтің еншілес ұйымдарының қолдау көрсету үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар кешенін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады: «Kazakhstan Project Preparation Fund» тарапынан ТЭН әзірлеуден бастап «Қазақстанның Даму Банкі» мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан жеңілдікпен қаржыландырудың және пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға, сондай-ақ «Kazyna Capital Management» үлестік қаржыландыруының құралдарын пайдалану мен «KazakhExport» компаниясының қолдау шараларын қолдануға дейін.

Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері - өндірісті жаңғыртуға немесе технологиялық өнімдерді өндіруге бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруға; идея кезеңінде жобалар үшін де, сондай-ақ жобалық құжаттаманың толық пакетінің болуымен де қолдау шараларын ұсынуға; бағдарлама бойы қатысушыларды қолдайтын компанияға дербес менеджерді бекіту арқылы жан-жақты жеке қолдау көрсетуге негізделу.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпорындар бірқатар критерийлерге жауап беруі тиіс, оның ішінде: өңдеу өнеркәсібіне өтінім беру, штатта 100-ден астам адамның болуы және 300000 АЕК-тің жылдық кірісінің, экспортқа бағдарланған бағытының болуы, Қазақстанның капиталға 51% және одан көп қатысу, нарықта кемінде үш жыл болу деген сияқты.

Бағдарламаның мерзімі - бес жыл, оның ішінде үш жыл - жүзеге асыру, екі жыл - мониторингке арналады. Өтініш қабылдау мерзімі - 2018 жылдың желтоқсан айының соңына дейін.

Бағдарламаның шарттары мен толық мәтінін, сондай-ақ тапсырыстың шаблонын «Бәйтерек» холдингінің ресми сайтынан табуға болады.

Қатысу және қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша кәсіпкерлер бағдарламаның байланыс орталығына +7 (7172) 91-91-98 телефоны бойынша хабарласа алады.

 

 

Соңғы жаңалықтар