Бас жүлде – 2 млн теңге: Павлодарда Қала күніне орай бәйге өтті

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда Қала күніне орай ұйымдастырылған ат жарысына көрші өңірлерден спортшылар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар «Құлагер» ипподромында ұйымдастырылды.
Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әсет Әбілтаевтің айтуынша, жарыстың ақтық мәресі 16 шілдеде өтті. Ойын Екібастұз командасының жеңісімен аяқталды.

Көкпардан басқа, бәйге, қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды.

«Бәйгеге Нұр-Сұлтан, Атырау, Өскемен, Павлодардан асыл тұқымды жылқылар әкелінді. Құнан бәйге жарысының жеңімпазына – миллион теңге, тай бәйгеге – мотоцикл, топ бәйгеге – 1,5 миллион, жорға жарысына – 500 мың теңге, аламан бәйгеге 2 миллион теңге ұтыс тігілді. Қазақ күресі бойынша балуандардың жүлде қоры – миллион теңге», - деді ұйымдастырушылар.

Мұндай көлемдегі іс-шара Павлодарда екінші рет өткізіліп отыр.

Облыс орталығына жарыста бақ сынау үшін 50-ден астам қатысушы келді. Келесі турнир қыркүйек айында өтеді.




Фото: Константин Шелков, Константин Музалевский


Соңғы жаңалықтар