Бәс тігуге құмар елордалықтар интернет-алаяққа алданып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық ойындарға бәс тігіп, олжаға кенелтуге уәде еткен алаяқ елордалықтардың 30 млн теңгесін иемденді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, жас жігіт адамдардың сенімін пайдаланып, оларға спорттық бәстерге болжам жасап беретінін және екі еселенген табысқа кенелтетінін айтқан.

«Ол Instagram әлеуметтік желісі арқылы жалған аккаунттарды ашып, қолданушыларға ақшаларын көбейтіп беруге уәде берген. Ақша тігудің сомасы 30 мың теңгеге дейін жеткен. Әлеуметтік желі қолданушылары алданып, алаяқтың жеке есеп шотына ақша аударып отырған. Керекті сома шотына түскен соң, нөмірі мен аккаунттарын өшіріп келген», - деді полициядан.

Осылайша, Теміртау қаласының тұрғыны елордалық 30 азаматтың 1 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Интернет арқылы алаяқтық жасайтындар республиканың басқа өңірлерінде кездесіп жатады. Өткен айда Түркістан облысында интернет арқылы жұмыс ұсынған алаяққа тұрғындар 4,5 млн теңгеге жуық қаржы салып алданса, Қостанай облысында 20 мың теңгеге көлік сатпақ болған интернет-алаяқ ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар