+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

2020 жылғы 7 маусым 16:25
Бөлісіңіз:
Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжаттың толық мәтінін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбенің әкімі індетпен күрес жұмысын түсіндіріп берді Алматыда жүкті әйелдерді ауруханаға қабылдау  алгоритмі түсіндірілді Біріккен Араб Әмірліктері COVID-19 жұқтырғандарды анықтау үшін иттерді пайдалана бастады

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы»Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстер келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді:

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адамдарды 2 тәулікке дейін COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің 5 күнінен кешіктірілмей берілген ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтама берген, авиарейспен шет елден келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатпайды. Оларға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат ала отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

Авиакомпаниялардың экипаждары қоңырау шалу арқылы (мүмкін болған жағдайда бейне қоңырау шалу) тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.

2) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген барлық адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді:

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүретін жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген барлық адамдарға (бұдан әрі – келген адамдар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін орындарда осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес сауалнама жүргізуді және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін материал алуды қамтамасыз етсін.

ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алғаннан кейін және сауалнамадан кейін келген адамдар межелі орнына дейін маршруты бойынша жүруді жалғастырады.

Келген адамда COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі алынған кезде мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пунктке (бұдан әрі - СКП) іссапарға жіберілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің (бұдан әрі – ТКҚСҚБД) маманы COVID-19-ға оң нәтиже туралы ақпаратты қазіргі уақытта сауалнамада көрсетілген маршруттық параққа сәйкес келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД-не береді. Қазіргі уақытта келген адам аумағында болатын ТКҚСҚБД маманы денсаулық сақтау басқармасына (бұдан әрі – ДСБ) және келген адамға COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлайды. ДСБ келген адамды медициналық тексеруді қамтамасыз етеді, COVID-19 белгілері болған жағдайда оны инфекциялық стационарға емдеуге жатқызуға жібереді. COVID-19 белгілері болмаған кезде оған COVID-19 ықтимал симптомдары туралы және баратын жеріне келген соң МСАК ұйымына жүгіну және COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі туралы хабарлау қажеттілігін түсіндіреді. ДСБ осы қаулыға 43-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты алады. ТКҚСҚБД және ДСБ келген адамның межелі орнындағы ТКҚСҚБД және ДСБ-ға COVID-19-ға тексерудің оң нәтижесі бар адамның жүретін жолы туралы хабарлайды.

3) Қазақстан Республикасына шет елден келген Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері тұратын/болатын жерінде COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады. Олармен осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхатты ала отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндірме жүргізіледі.

4) вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

5) тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.»;

2) 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде шет елден келетін барлық адамдарға міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;

2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына шет елден келген адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін орындарда сауалнама жүргізуді және ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін материал алуды;»;

3) 6-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда).»;

4) 13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13-1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 5%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайдаосы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа да кеңселердің қызметін қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалады (штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда);»;

5) 14-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық тексеруді;»;

6) 16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) COVID-19 бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ CОVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпелерде өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралар қабылдауды;»;

7) 18-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.»;

8) 25-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

«3) медициналық ақпараттық жүйелерді «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның зертханалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін.

4) жеке зертханалардың зертханалық ақпараттық жүйелерін «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның зертханалық ақпараттық жүйесімен COVID-19-ға тестілеу нәтижелерін беру бөлігінде интеграциялауды қамтамасыз етсін.

5) үй карантиніндегі, оның ішінде СОVID-19 симптомсыз нысандары бар пациенттерді қашықтықтан бақылау үшін мобильді қосымшаны енгізуді қамтамасыз етсін.»;

9) 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.»;

10) қаулыға 20-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мекеме персоналынан, ҚАЖ-дың мемлекеттік мекемелерінде және ІІМ-де жұмысқа орналастырылған, қауіпсіздігі ең төмен мекемелердің этаптауға (тасымалдауға) жататын адамдарынан және сотталған адамдардан басқа ҚАЖ мекемелеріне көлікпен кіру және шығу (кіру және шығу) тоқтатыла тұрсын.»;

11) қаулыға 38-қосымшада 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Байланыс фактісі анықталған кезде және карантин аяқталғаннан кейін COVID-19 диагнозы расталған жақын және ықтимал байланыста болған адамдар арасындағы адамдар:

1) СОVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезде АД мамандары жақын және ықтимал байланыста болған адамдардың тобын белгілейді. Байланыста болған адамдарды анықтау осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

2) байланыста болған адамдарды тексеру үшін өтінім биоматериалды алу үшін ҰСО филиалына немесе медициналық ұйымға ұсынылады;

3) сынамаларды алу рәсімін жүргізу кезінде АД жауапты маманы зерттелетін адамның барлық деректерін ҰСО ақпараттық жүйесінде электрондық жолдамаға толтыра отырып, алынған материалды тіркеуді жүзеге асырады және ТКСҚБК АД маманының жеке кабинетінен немесе медициналық ақпараттық жүйесінен тиісті зертханаға жібереді (http://lis.nce.kz/kkkbtu) және ҰСО-ның тиісті зертханасына электрондық форматта жібереді;»;

13) 24, 31, 33-қосымшалар осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

14) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 43-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT