+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Бас санитардың жаңа қаулысы: 1 наурыздан қандай өзгерістер болады

2021 жылғы 27 ақпан 22:20
Бөлісіңіз:
Бас санитардың жаңа қаулысы: 1 наурыздан қандай өзгерістер болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: Астана оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқиды Коронавирус: Қарағанды облысында жаңа шектеулер енгізіледі ШҚО-да карантин талаптарын бұзудың 50-ден астам фактісі тіркелді

Жаңа қаулыға сәйкес:

«2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

2) букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды;

4) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салуды;

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

6) ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

7) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мынаған:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) ;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

10) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беруді;

11) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беруді;

12) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, көзбе-көз режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

13) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

14) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беруді;

15) бір мезгілде 30 адамнан артық емес жинала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету сары немесе жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді;

17) ҚР БМСД №67 қаулысына 46-қосымшаның талаптарын сақтай отырып, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін».

«Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.. Осы қаулы 2021 жылғы 1 наурыз сағат 00-ден бастап күшіне енеді», - деп аталып өткен Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында.

Аталған қаулының толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT