Бас санитар көшеде сатылатын самсалардың қауіпсіздігі туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин көшеде сатылып жүрген бәліштер мен самсалардың құрамы жайында мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы мәселеге қатысты шағымдар өте аз екеніне тоқталған ол, көбісі наразылықтарын айтқанымен, алайда аталған өнімдердің сапасына қатысты жүгінетіндер сирек кездесетінін жеткізді.

Бекшиннің сөзіне қарағанда, бүгінде Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті сатылатын өнімдерде еттің құрамын анықтаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгерген.

«Тағам ішінде ненің еті екенін біле аламыз, яғни қойды, ірі қара, шошқаны ажырату оңай»,- дейді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингтен кейін.

Сонымен қатар ол заңнамаға сәйкес, бизнес субъектілерін рейдтік тексерулерге тыйым салынғанын, тексерулер ерекше тәртіппен жүргізілетінін еске салып өтті.

«50 шаршы метрге дейінгі аудандағы шағын бизнес объектілері тек тұтынушылар шағымдары кезінде тексеріледі. Егер де қандай да бір өнімнің сапасына қатысты күдіктенсеңіз, онда бізге хат жолдап, шағымдана аласыз», - деді Комитет басшысы.

Белгілі болғандай, елімізде 120 мың объекті бар, сонымен бірге бақылаумен сауданың 160 түрі қамтылған.

«Әрине, барлығын қадағалап отырған жоқпыз. Біз қайсы жағдай қауіп төндіретін болса, соны зерттейміз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар