+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Бас санитар коронавирусқа сенбейтін тұрғындарға жауап берді

2020 жылғы 26 мамыр 18:34
Бөлісіңіз:
Бас санитар коронавирусқа сенбейтін тұрғындарға жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирустың таралғанына күмән келтіретіндерге жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирустан қайтыс болғандар бойынша мәлімет жарияланды «Ashyq» арқылы бір айда 1749 науқас анықталған Дәмханалар Ashyq жүйесінен қандай жағдайда шығарылады

«Статистикадан қашып құтылуға болмайды. Коронавирус әлемнің 215 мемлекетіне тарады. Эпидемия жарияланды. 5,5 миллионнан астам жұқтыру жағдайы тіркелді. 350 мыңнан астам адам қайтыс болды. Мұның барлығы коронавирустың қандай маңызды екенін көрсетпей ме? Иә, Қазақстандағы жағдай тұрақты, себебі бізде қамданатын уақыт болды. Қытайдағы індет желтоқсанның соңында, қаңтарда басталып, көршілес әріптестерден көп нәрсе үйрендік. Бұл уақытта арнайы база мен мамандарды, зертханаларды әзірледік. ҚР Президенті дер кезінде төтенше жағдай жариялады. Барлық әлеуметтік қарым-қатынасты шектедік, жұмысқа бармадық. Көптеген нысандардың жұмысы тоқтады. Мұның барлығы жаппай жұқтыру мен өлім-жітімнің алдын алуға көмектесті», - деді бас санитарлық дәрігер ҚР Денсаулық сақтау миинстрлігінің Фейсбуктегі баспасөз мәслихатында.

Дегенмен бұл шаралар коронавирус инфекциясының жоғалып кеткенін білдірмейді. ТЖ режимінен шықсақ та, карантин шараларын сақтау керек.

«Егер ауру жұқтыру деңгейі тағы көбейсе, бұрынғы қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз. Коронавирустың қандай қауіпті екенін бағамдауымыз керек. Барлық ережелерді ұстану қажет, олар аса қиын да емес. Қол тазалығы, әлеуметтік ара қашықтық біздің өмір салтымызға енуі керек. Вирусты қаншалықты еңсеретініміз өзімізге тікелей байланысты», - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Қазақстан әуежайларында өзге елде жүргізілген ПТР тестінің нәтижесі қабылданатынын хабарлаған еді.

Одан бөлек, А. Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блокпосттардың неге алынбайтынын түсіндірді.

COVID-19 науқасымен байланыста болғандар екі топқа бөлінетін болады.

Ал коронавирус инфекциясына тест тапсыратын адамдардың жаңа санаты жарияланды.

Сонымен бірге, Бас санитарлық дәрігер ашық ауада не үшін маска тағу қажеттігін түсіндірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT