+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Бас санитар: Карантиннің аяқталуы – әрбір азаматтың тәртібіне байланысты

2020 жылғы 6 сәуір 16:21
Бөлісіңіз:
Бас санитар: Карантиннің аяқталуы – әрбір азаматтың тәртібіне байланысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин тәртіптері туралы тағы да айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда  індетке шалдыққандар саны 47171-ге жетті Атырауда коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб қайта құрылады Павлодарда коронавируспен күреске ауыл дәрігерлері мен ЖОО түлектері тартылады

«Карантин – коронавирус инфекциясын алдын алудың бірден-бір амалы. Үйде болыңыздар. Ешқайда шықпаңыздар. Азық-түлік немесе дәрі-дәрмек болмаса аса қажеттілік туындамаған жағдайда үйден шықпаған абзал. Үйіңізде де профилактикалық шаралар туралы ұмытпаңыздар. Дымқыл шүберекпен үйді тазартып, бөлмені желдетіп, үй жағдайына арналған ультракүлгінді сәулелендіргішті пайдаланыңыз. Ультракүлгінді сәулелер вирусты өлтіруде өте тиімді. Егер үйден шықсаңыз көшеде барынша сақтанып жүріңіз. Адамдардан екі метр қашықтықта болып, антисептиктерді қолданыңыз. Үйге келгенде қолды бетке апармай, міндетті түрде сабындап жуыңыз. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда жедел жәрдемге жүгініңіз. Өздігіңізбен ондай жағдайда үйден шықпаңыз», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер карантиннің аяқталуы – әрбір азаматтың тәртібіне байланысты екенін атап айтты.

Еске сала кетсек бүгінгі баспасөз мәслихатында мемлекеттік бас санитар шектеу шаралары күшейтілуі тиіс өңірлерді атаған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT