«Бас редакторлар клубы» сайлау науқанына қатысты Хартия қабылдады

None
None
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Бас редакторлар клубы» сайлау науқанын баяндаулар барысында этикалық нормаларды ұстану туралы хартияны қабылдады.

Бұл туралы елордадағы Ұлттық баспасөз орталығында өткен брифинг барысында «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Болат Ережепов мәлім етті.

«Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары алдағы сайлауға қатысты өздерінің партиялық тізімін бекіткен барлық партиялар үшін, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар үшін, олардың саяси көзқарастарына еш қарамастан БАҚ-тағы еркін қолжетімділіктеріне жол берулері және жәрдемдесулері керек. Соған орай, қабылданып отырған Хартия алдағы саяси науқан барысын БАҚ-тың кәсіби және объективті түрде көрсетулеріне шақырады», - делінген Хартияда.

Соңғы жаңалықтар