Бас прокурордың наразылығы бойынша мемлекетке магистральдық теміржолдар қайтарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратура Азаматтық процестегі прокурорлардың рөліне қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, сотта мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Өткен жылы прокурорлар соттар қараған 20 мыңнан астам азаматтық және әкімшілік істерге қатысты.

Прокурорлардың өтінішхаттары мен наразылықтары бойынша 313 сот актісі, оның ішінде 60 – Бас прокурордың наразылықтары негізінде заңға сәйкестендірілді. 34,9 млрд теңгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды.

Прокурорлардың актілерімен олигополияға заңсыз берілген мүлік мемлекетке қайтарылды, бизнестің мүдделері мен азаматтардың құқықтары қорғалды.

Мәселен, Бас прокурордың 18 наразылығы бойынша мемлекетке магистральдық теміржолдар қайтарылды, 21,1 млрд теңгеге бюджет шығындарының алды алынды.


Соңғы жаңалықтар