+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бас прокурор үйленемін деушілерге арналған міндетті курсты енгізуді ұсынды

2017 жылғы 14 сәуір 11:03
Бөлісіңіз:
Бас прокурор үйленемін деушілерге арналған міндетті курсты енгізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың ойынша, аталған курс кезінде жастар отбасының құндылықтарын жете түсінуі керек. Ал курстан өтпегендерге некеге тұруға жол берілмеген жөн. Ондай тәжірибе дамыған мемлекеттерде де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сүйдім-күйдім деген екі жас көп ұзамай үйленеді. Басында тамаша, кейін көңілдері қалып, дау-жанжалға, тіпті қол жұмсауға барады. Арты сот, балаларды бөліп алады, құдалардың арасы ашылады. Мүлікке талас басталады. Бүгінде ажырасу жағынан Қазақстан алғашқы жағымсыз ондықтың ішіне кіреді. Басты себеп, отбасы деген не, бақытты отбасының құпиясы неде екенін жастар біле бермейді. Сондықтан үйленемін деушілерге арналған міндетті курс, осыны ерекше атап өтемін, міндетті курс болуы қажет. Одан өтпесе, неке болмауы керек. Мұндай тәжірибе біраз елдерде бар. Мысалы, Сауд Арабиясында, Малайзияда, Италияда, Латвияда, айта берсе, ондай тізімнің шегі жоқ", - деді Асанов бүгін тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған жиында.

Оның айтуынша, аталған курстан мектеп оқушылары мен үйлемін дейтін жастар өтуі тиіс.

Айта кетейік, өз баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасаған Жақып Асанов өз өмірінен бір оқиға жайында баяндап берді. Бұдан бөлек, нақты статистиканы келтірді. Елімізде әйел адамдарға қатысты қылмыстардың саны 90 пайызға өсті. Әрбір үшінші қылмыс отбасы жағдайында болды. Өткен жылы 36 әйел және бір бала қайтыс болса, 2 481 әйел мен 851 бала зорлық-зомбылықтың құрбанына айналды. 742 әйел мен кәмелеттік жасқа толмаған 175 жас өз-өзіне қол салды.

Бас прокурордың ойынша, мектепте қажетсіз пәндердің орнына өмірге пайдалы білім беру керек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT