Бас прокуратура желіде тараған Бергей Рысқалиевтің видеосына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты пікір білдірді. Онда ірі көлемде ақша жымқырған Бергей Рысқалиев көшеде жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың айтуынша, Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевті Ұлыбританияда түсіріп алған. Аталған мемлекетпен сотталған азаматтарды ұстап тапсыру бойынша өзара келісім жоқ. Дегенмен, жемқор шенеунікті басқа жолдармен алдырту шаралары қарастырылып жатыр.

"Әрине, біз ол видеоны көрдік. Енді, ол - xалықаралық іздеуде жүрген азамат. Бәріңіз білесіздер, Қазақстанда оған қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан оның жауапкершілігі әлі де қаралады. Өкінішке қарай, бізде Ұлыбританиямен қашып кеткен азаматтарды бір-бірімізге беруге қатысты келісім жоқ. Бірақ біздің барлық құқықтық сұрауларымыз Интерполға да, бәріне жан-жақты жіберілді", - деді М.Аxметжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, тергеу материалдары бойынша Бергей Рысқалиев қоластындағы сыбайластарымен бірге мемлекет қаражатын қылмыстық жолмен жымқыру жоспарын жасаған. Олардың бұл әрекетінен келген залалдың көлемі 72 миллиард теңгеге бағаланды.

Қылмыстық істің фигуранттары: Б. Рысқалиев, оның ағасы А. Рысқалиев және 7 адам, қылмыстық іс 754 томнан тұрады. Б. Рысқалиевтің командасына қатысты алғашқы сот 2014 жылы өткен болатын. Сол кезде ішінде шенеунігі бар, бизнесмені бар - жалпы 11 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Сот ағайынды Рысқалиевтерге қатысты сырттай үкім шығарды. Оған сәйкес, Бергей Рысқалиев 17 жылға, ал оны ағасы Аманжан Рысқалиев 16 жылға сотталды.

Соңғы жаңалықтар