+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Бас прокуратура: Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді

2019 жылғы 20 қараша 10:44
Бөлісіңіз:
Бас прокуратура: Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2024 жылға қарай денсаулық саласына ЖІӨ-нің 5 пайызы бөлінеді Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек – Ерлан Саиров Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

«Ізгілендіру алғашқы рет қоғамға, азаматтарымызға онша қауіп төндірмейтін ауыр емес қылмыстарға ғана қатысты. Оларға түзетілу үшін мүмкіндік беру керек. Ал жүйелі түрде қылмысты кәсіпке айналдырған адамдарға жаза ауыр болуы тиіс. Бұларға мемлекеттің барлық репрессивтік күші жұмсалады. Әсіресе, қасақана адам өлтіргендерге, педофилдерге, экстремистерге, есірткі сатушыларға, браконьерлерге, жануарлар дүниесіне қол сұққандар мен ұйымдасқан қылмысқа барған адамдарға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында осындай қылмыстар үшін жауаптылықты қатайту туралы тапсырма берді», - деді Марат Ахметжанов.

Осы орайда, бірқатар қасақана қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту ескерілген.

«Бұл түзетулердің бір бөлігі меншікке қарсы қылмыстарға қатысты. Алдымен, ұрлық, тонау және қарақшылық мақсатында үй-жайға, қоймаға, көлік құралына заңсыз бұзып кірумен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық күшеймек. Ұрлыққа қатысты әрекеттер ауыр қылмыстар санатына көшеді. Демек, татуласу болмайды. Тіпті, залал орнын толтырса да, кешірім берсе де қылмыстылық жауаптылықтан босатылмайды», - деді М. Ахметжанов.

Еске салсақ, бұған дейін м ал ұрлығы ауыр қылмысқа жатқызылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT