USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Бас Прокуратура тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдан қаза болғандардың жалпы санын атады

2022 жылғы 15 қаңтар 21:17
Бөлісіңіз:
Бас Прокуратура тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдан қаза болғандардың жалпы санын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде қайтыс болғандардың жалпы саны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаңтар оқиғаларынан кейін қанша адам қамаудан босатылғаны белгілі болды Министрлік тәртіпсіздік кезінде қозғалған қылмыстық істер туралы түсінік берді Тәртіпсіздік кезінде зақым келген нысандар мен көліктер саны белгілі болды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қазақ тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимарттар мен құқық қорғау қызметкелеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар. Аталған деректер алдын ала сипатта. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі «, - деді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізіп , Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу қажеттігін айтқан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT