Бас прокуратура: Шу маңындағы пойыз апаты бойынша ешкім ұсталған жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Шу маңындағы пойыз апаты бойынша машинистің ұсталғаны туралы ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. Сондай-ақ, құзырлы ведомство аталған ақпаратты таратқан БАҚ көздеріне жалған ақпаратты теріске шығаруды сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін әртүрлі ақпараттық агенттіктерде «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының локомотивін басқарушы машинисті полицияның ұстағаны туралы жалған ақпарат тарап кетті. Ресми түрде хабарлаймыз: қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның барысында ешқандай ұстап алып кету жағдайы жүргізілген жоқ», - делінген хабарламада.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жанынан аталған теміржолдағы оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылған. Оларда қажетті ақпарат бар.

«Тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында. Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына сәйкес (Бұқаралық ақпарат құралдары туралы) шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттық тарату бойынша жауапкершілік қарастырылғанын айта кеткіміз келеді. Ақпараттық агенттіктерге материалдарды шығару кезінде жауапты органдар таратқан ресми көздерге сүйенуді және Заңның 19, 21 баптары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында аталған оқиға бойынша тараған жалған ақпаратты теріске шығаруды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар