Бас прокуратура шетелде жазаларын өтеп жатқан қазақстандықтардың құқықтарын қамтамасыз етуде

None
None
АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, еліміз өзінің аумағынан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Осыған орай Бас прокуратура шетелдерде бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан азаматтарын ауыстыру мәселелерінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.

1998 жылғы наурыздың 6-сында Мәскеуде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын әрі қарай өтеу үшін тапсыру туралы Конвенцияға қол қойылып, оны бекіткен Беларус, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан және Грузия Республикаларымен арада тұрақты байланыс орнатылды.

2009 жылдың қарашасында аталған Конвенцияны Ресей Федерациясы бекітті. Бұл сотталғандарды Қазақстанға ауыстыруға мүмкіндік берді және сотталғандар мен олардың туған-туыстарына қолайлы жағдай туғызды.

Бұл орайда Бас прокуратура Тайландта есірткіні заңсыз тасымалдағандары үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстанның үш азаматының елге қайтарылуын мысал ретінде келтіріп отыр. «Тайландтық тараппен бірлесіп, жыл бойы біздің азаматтарымызды елге қайтарудың түрлі нұсқаларын қарастырған ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлерінің еңбегі нәтижелі болды. Жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, бес жыл жазаларын өтеген соң, тайланд билігі қазақстандықтарға кешірім жасады, олар ағымдағы жылдың мамыр айында елге оралды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар