Бас прокуратура сайлау барысы туралы: Үш облыста 9 заңбұзушылық тіркелді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Дауыс беру процесі басталғаннан бері үш облыста 9 заң бұзу фактісі ресми тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижесінде дәл осы уақытта сайлау туралы заңнаманы бұзудың 9 фактісі тіркелді. Олар Алматы облысында Еңбекші қазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы сайлау учаскелерінде; Жетісу облысында Қаратал және Кербұлақ аудандарындағы учаскелерде; Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Жамбыл аудандарындағы учаскелерде болған.

Бұл заңбұзушылықтар комиссия мүшелері тарапынан азаматтарға басқа адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік берумен байланысты», - деді Бас прокуратура өкілі.


Соңғы жаңалықтар