+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Бас прокуратура мен Kazakh Invest инвесторлар мәселесін бірлесіп шешеді

2019 жылғы 5 желтоқсан 12:36
Бөлісіңіз:
Бас прокуратура мен Kazakh Invest инвесторлар мәселесін бірлесіп шешеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 желтоқсанда Бас прокуратура мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бұл жөнінде Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев италиялық инвесторлармен кездесті Шымкент әкімі Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті Ақтөбеде жел электр станциясы іске қосылды

Меморандумның басты мақсаты – инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша прокуратура органдары мен «Kazakh Invest» арасындағы бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру.

Айта кететін жайт, инвестициялық ахуалды жақсарту - еліміздегі өзекті мәселенің бірі. Бизнесті дамыту, оның ішінде шетелдік инвесторларды қолдау Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Сондықтан прокуратура органдары кешенді жұмыс жүргізуде.

«Осы ретте прокуратура органдарының тікелей қатысуымен мемлекеттік органдарды тексеру 2 есе азайған. Бизнеске қойылатын талаптар 40% кеміген. Тексеру мерзімі 30 күннен 15 күнге дейін, рұқсат беру құжаттарының саны 708 -ден 316 -ға дейін қысқарды. Сондай-ақ, 23 құрам бойынша қылмыстық жаза мөлшері төмендетілді. Жалған кәсіпкерлік қылмыстық сипаттан арылды. Сондай-ақ, қылмыстық жауаптылықтың басталу шегі ұлғайтылды, СДТБТ-да тіркеу тәртібі өзгертілді» делінген хабарламада.

Атап өтетіні, аталған меморандум инвесторлардың өтінішіне жедел әрекет етуге айтарлықтай септігін тигізеді.

Бұл өз кезегінде шетелдік инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, еліміздің тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT